Өмірбаян

Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы

Филология ғылымдарының докторы, профессор

 

1974 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ.

1992-1996 жылдары «Семей» мемлекеттік университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті;

1996-1999 жылдары «Семей» мемлекеттік университетінің аспиранты;

2000-2001 жылдары «Семей» мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы;

2001-2004 жылдары М.Әуезов атындағы Семей университеті сырттай оқыту факультетінің деканы;

2004-2007 жылдары М.Әуезов атындағы Семей университеті филология факультетінің деканы;

2007-2008 жылдары М.Әуезов атындағы Семей университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры;

2008-2009 жылдары М.Әуезов атындағы Семей университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры;

2009-2011 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институты психология-педагогика факультетінің деканы;

2011-2012 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі;

2012-2017 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры;

2017 жылдың 18-ші наурызынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры.

Филология ғылымдарының кандидаты (1999), доцент (2008), филология ғылымдарының докторы (2009), профессор (2011). Ғалым ретінде зерттеу нысаны – қазақ әдебиетінің тарихы: абайтану, шәкәрімтану, мұхтартану, әдеби өлкетану.

Қазақстан, АҚШ, Германия, Ресей, Польша, Қытай, Түркия, Қырғызстан, Моңғолия, Нигерия елдерінде жарияланған 200-ден астам ғылыми мақалалардың, сондай-ақ, 2 монография, 1 оқулық, 7 оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы. «Шығыс Қазақстан облысының туристік жерлеріне лингвоелтанымдық саяхат» атты мемлекеттік бюджеттік жоба жетекшісі.

«Үлкен Алтай әлемі» атты халықаралық ғылыми журналы (Ресей ғылыми сілтемелік индексіне /РИНЦ/ базасына енген) мен «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің хабаршысы» ғылыми журналының бас редакторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы Диссертациялық кеңестің (2009-2010), «Шәкәрім» ғылыми-танымдық журналы редакциялық кеңесінің, «Абай» республикалық фольклорлық-этнографиялық әдеби-көркем журналы ақылдастар алқасының және ШҚО Ономастика комиссиясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі (2009), «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты (2009), «Моңғолия білім беру ісінің үздік қызметкері» медалі (2013), «Ы.Алтынсарин» төс белгісі (2014) және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016) сынды марапаттардың иегері.