Сұрақ-Жауап

180 комментариев

  1. Сәлеметсіз бе осы оқу орнының информатика фак. 2курс студентімін қашықтықтан. Енді химия биология факультетіне ауыса алам ба

  2. Саламатсызба?! Інім кәсіби шығармашылық факультеті, дизайн бөлімінің 1-курс студенті, ақылы түрде оқиды! Биыл қайта КТА тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндігі болама?Түскен жағдайда келген жерінен оқуды жалғастыра ала ма?

  3. Алишер:

    Саламатсызба. Мен ДОТ программасымен окитын 2 курс студентімін. Мен 01.02-07.03 аралығында интернетке доступы жок жерде жұмыста болуыма байланысты срс жане рубежный контроль тапсыруга улгермедим. Мен бул жагдайда не истеуиме болады? Мен жазгы семестрге калдым ба? Жане де сол семестрди акылы турде окуым керек па?

    • Саламатсыз ба!

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республиканың жоғарғы оқу орындарында Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісінің ұйымдастыру ережесіне сәйкес студенттің академиялық кезең (семестр) бойынша аралық, ағымдық бақылаудан өтпеген жағдайда, ақылы негізде жазғы семестрде тапсыруға мүмкіндігі бар.

      Жазғы семестр жазғы уақытта академиялық мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында ерікті түрде білім алушының өтініші негізінде ұйымдастырылады.

  4. Саламатсызба! Мен Ақтөбе қаласында Баишев жоғары медициналық колледжінде “дизайн” мамандығында білім аламын. 1 жылдан кейін колледж бітіріп Жұбанов университетіне “дизайн” мамандығына түскім келеді. Менің сұрайын дегенім колледж бітіріп келгендер 2 курстан бастап оқиды дейді сол рас па? Және грантқа түсу үшін қызыл диплом болу міндетті ме? Әлде КТА тапсырамын ба? Оны қалай тапсыруға болады? Рахмет!

    • Саламатсыз ба, колледжден кейін өз мамандығын жалғастыратын болса, 1-ші курстан бастап 3 жыл оқиды. Грантқа түсу үшін қызыл диплом міндетті емес, бірақ грант конкурсы кезінде бірдей бал жинаған екі адам арасында талас туындағанда диплом қосымшасындағы бағалар есепке алынады. Грант конкурсына қатысу үшін ҰБТ сертификаты қажет болады. ҰБТ туралы толық ақпарат +77475183583, 54-39-74 телефондары арқылы алуға болады.

  5. Фаррух:

    Ассалам аликум мен озбекыстаннанмын мен карындасым сыздерде окиды дистанционда контрактын озбекыстаннан турып толеседе болама егер болатугун болса контрактной Счёт номерын жазыб жыберыныз отыныш

    • Оқу ақысын 2 түрлі жолмен төлей аласыз:
      1 Онлайн төлеу: Kaspi.kz сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы комиссиясыз төлеу;
      2 АТФ банк бөлімшелерінде🏦 (комиссия – 100тг.) келесі реквизитпен:
      РГП на ПХВ «Актюбинский региональный государственный университет им.К.Жубанова»
      030000, г.Актобе, проспект А.Молдагуловой, 34
      БИН 130840021720
      РНН 061800327616
      ИИК KZ63826D0KZTD2003261
      в АО «АТФ Банк» г.Актобе
      БИК ALMNKZKA
      КБЕ 16

  6. Махамбет:

    Сәлеметсіз бе!
    2курс студентімін мемлекеттік грантта оқим.
    Военный кафедраныңда грантында.. Оқим
    Егер сіздерге ауыссам
    Военный кафедраны жалғастыра алам ба?

    • Саламатсызба!
      Мемлекеттік грантта оқысаңыз, сол мамандық бойынша грантыңызбен ауысуға болады, бірақ пән айырмашылығы тексеріледі, ауысу уақыты тамыз айында басталады.
      Әскери кафедра бойынша біздің студенттер М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің кафедрасында оқиды, сондықтан толық жауапты сол кафедрадан ала аласыз, телефон нөмірі: 8(7132)541692.

  7. Саламатсызба магистратурага кужат тапсыруга болама екен кашан кабылдайды

  8. Карима:

    Саламатсыз ба?Мен сыртқы бөлімде оқыймын 4-курс.сұрағым сыртқы бөлімде оқып алған дипломмен жұмыс істеуге кедергі болмайма

  9. Ануар:

    Саламатсыз ба? Мен рудный каласынан переводпен сиздин университетинизге ауысу ушин документтердин барлыгын тапсырдым. Енди окуга кабылдану ушин разница толеуди талап етип отыр. Сол сабактын разницасын жазга деин толеуге бола ма?

  10. Шакизат:

    Сәлеметсіз бе. Мен қазір шымкентте 2 курс студентімін. Бірақ сол оқып жатыр деген қағазбен жұмысқа тұра алам ба

  11. Назерке:

    Саламатсызба! Мен » мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығын бітірген болатынмын, енді екінші мамандық ретінде сіздердегі «орыс тілі мен әдебиеті» пәнін оқысам ба деп едім, ол үшін қандай құжаттар тапсыру қажет, және де екінші мамандық алам деушілерге грант бөлінеді ма екен? Әлде барлығы ақылы болады ма екен? Тест тапсыру қажет па? Қажет болса қандай пәндерден? Рахмет!

    • Саламатсыз ба, «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша екінші жоғары білімді күндізгі бөлімнің қашықтықтан оқыту технологиясымен оқи аласыз.
      Қажетті құжаттар тізімі:
      -білімі туралы құжат (түпнұсқа);
      -3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
      -086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
      -Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      Екінші мамандыққа грант бөлінбейді. Оқу мерзімі -2 жыл. Әңгімелесу негізінде қабылдаймыз. Оқу ақысы былтыр 150 000тг болған. Биылғы оқу ақысы әлі бекітілген жоқ. Қабылдау уақытына дейін хабарласып білсеңіз болады. тел 871362543974
      Құжат қабылдау мерзімі – 01.07.- 25.08.2020ж.

  12. Саламатсызба мен інімнің логиннін алдым бірақ паролін терсем шықпайды енді қалай паролін аламын или сұраймын дистанционный кіру керек еді жауап берсеңіз жақсы болар еді рахмет

    • Саламатсыз ба?! Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру университеттің «UNIVER» білім беру порталы арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылардың бұл ақпараттық жүйені пайдалануы үшін логин мен құпия сөзі (пароль) болуы тиіс. univer.arsu.kzÞЛогин, парольÞ

      Құпия сөзді енгізу кезіндегі кездесетін кедергілердің бірі — студенттің құпия сөзді ауыстыруы және жаңа құпия сөзді ұмытып қалуы мүмкін. Сол себепті құпия сөзді қалпына келтіру үшін ініңіз университетке 237 кабинетке (Бас ғимарат, Оқу-әдістемелік жұмыстар және қашықтықтан білім беру орталығы) өзі хабарласуы керек.

      Университет студентін растауға арналған логин мен құпия сөзді өзі жеке пайдалануы

      тиіс, басқа тұлғалардың студент атынан қолдануына болмайды!

  13. Айман:

    Салематсыз ба? Мен сиздин университетіңізге ауысайын деп едім. Бырақ бізде перевод 13.01басталады дейди.Ал Жубановта педагогикалык багыттагы мамандықтар 10.01 соңғы күн дейді. Не істеуге болады?

  14. Айман:

    Салематсыз ба? Мен 01.09.19 жылдан бастап Жұбанов атындағы АӨМУ да ақылы бөлімде оқып жатыр едім.Кенеттен 2рейтинг басталғанда басқа қаладағы университетке жалпы конкурс бойынша грантқа қабылданғаным туралы хабар келген болатын. Қазіргі таңда сол университетте оқып жатырмын. Яғни 1,5айдан соң 1семестр бітеді. Мен Жұбанов атындағы АӨМУ де оқығым келеді. Мен сіздің университетіңізге ауысуыма болама? Және грантым сақталады ма? Айта аласыз ба

    • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде ауысу және оқуға қайта қабылдау қысқы (2020 ж. қаңтар айының 5-15 аралығында) және жазғы (2020 ж. тамыз айының 10-25 аралығында) каникулда өтеді.

      Егер Сіз жалпы конкурспен түскен болсаңыз және шифрмен білім беру бағдарламасы сәйкес болса онда бізге білім беру грантын сақтап ауысуға болады.

      Бірақ бірінші академиялық кезең (1 семестр) толықтай жабылған (F-сіз) студенттер ғана ауысуға және оқуға қайта қабылдауға рұқсат етіледі.

      Қажетті құжаттар «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырылады.

      Мекен-жайы: Ақтөбе, А.Молдагулова данғылы, 34; 1-ші қабат.

  15. Аййман:

    Сәлеметсізбе? Мен 2020 жылғы түлекпін, бұырса мектеп бітіремін. Сізден сұрағым келгені, қазақ тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімі болғым келеді, соған жалпы ұбт- дан қанша ұпай жинауым керек және жеке жеке пәндерді де айта өтсеңіз. Рахмет!

  16. Нурсултан:

    Саламатсызба. Мен сіздердің университетке ауыскым кеп жүрген ем. Қазір Қарағанды да яки ҚарМТУ да құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау мамандығындамын(общи грант) сіздер де ондай мамандық барма?. Қалай және қай уақытта ауысуға болады.

    • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде ауысу және оқуға қайта қабылдау қысқы (2020 ж. қаңтар айының 5-15 аралығында) және жазғы (2020 ж. тамыз айының 10-25 аралығында) каникулда өтеді.

      Егер Сіз жалпы конкурспен түскен болсаңыз онда бізге ауысуға болады.

      6В07303-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру мамандығы бар.

      Бірақ бірінші академиялық кезең (1 семестр) толықтай жабылған (F-сіз) студенттер ғана ауысуға және оқуға қайта қабылдауға рұқсат етіледі.

      Қажетті құжаттар «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырылады.

      Мекен-жайы: Ақтөбе, А.Молдагулова данғылы, 34; 1-ші қабат.

      • Нурсултан:

        Мен ауысып жатырмын және сіздің қызметкерлеріңіз степендия берілмейді дейді

  17. Аружан:

    3-курста басқа мамандыққа ауысуға болады ма?

  18. Гүлжүзім:

    Сəлеметсізбе! Мен Общий конкурспен түстім. Сіздің университетке ауысқым келіп, өз университетімнен сұрастырып едім. Ауыстырмаймыз дейді, яғни университеттің ішінде педагогикалық квота бөлініп солмен түсіппін. Бірақ ол туралы мен білмедім. Сонла ондай да боладыма? əлде акыстырмау үшін жасайдыма?

    • Саламатсыз ба! Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне ақылы негізде ауысуға болады, себебі әр ЖОО-на және педагогикалық мамандықтар бойынша бөлінген квоталармен ауыса алмайды.

  19. Айман:

    Салематсыз ба? Мен 01.09.19 жылдан бастап Жұбанов атындағы АӨМУ да ақылы бөлімде оқып жатыр едім.Кенеттен 2рейтинг басталғанда басқа қаладағы университетке жалпы конкурс бойынша грантқа қабылданғаным туралы хабар келген болатын. Қазіргі таңда сол университетте оқып жатырмын. Яғни 1,5айдан соң 1семестр бітеді. Мен Жұбанов атындағы АӨМУ де оқығым келеді. Мен сіздің университетіңізге ауысуыма болама? Және грантым сақталады ма?

  20. Алия:

    Егер сіздің университетіңізде дефектология мамандығында 1 грант орны бос болған жағдайда ше? Ауыса аламынба, грантқа?

  21. Алия:

    Саламатсызба? Мен қазіргі таңда 1 курста грантта Манаш Қозыбаев атындағы университетте Петропавлда оқып жатырмын. Мамандығым Арнайы педагогика мамандарын даярлау(дефектология). Серпін бағдарламасы бойынша. Сіздің Қ. Жұбанов атындағы университетке ауысқым келеді. Грант орны бос болған жағдайда ауысуға мүмкіндік болама? Жəне қай уақытта ауыса аламын?

    • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде ауысу және оқуға қайта қабылдау қысқы (2020 ж. қаңтар айының 5-15 аралығында) каникулда өтеді.
      Сіз Серпін бағдарламамен түскен болсаңыз біздің университемізге ауысуға болмайды.

  22. Айгерим:

    Университетимиздин жибермеуге кукысы бар ма? Алде оз еркимизде ма?

  23. Айгерим:

    Салематсыз ба? Мен казыр Актаудагы мемлекеттик университетте грантта оқып жатыр едім.2 семестрде Жубановқа ауысуға болады ма грант пен?

    • Сәлеметсіз бе, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде ауысу және оқуға қайта қабылдау қысқы (2020 ж. қаңтар айының 5-15 аралығында) каникулда өтеді.
      Егер Сіз жалпы конкурспен түскен болсаңыз онда бізге ауысуға болады.
      Бірақ бірінші академиялық кезең (1 семестр) толықтай жабылған (F-сіз) студенттер ғана ауысуға және оқуға қайта қабылдауға рұқсат етіледі.

  24. Гүлжүзім:

    Саламатсызба? Мен қазіргі таңда 1 курста грантта Манаш Қозыбаев атындағы университетте Петропавлда оқып жатырмын. Мамандығым Мектепке дейінгі оқыту жəне тəрбиелеу. Сіздің Қ. Жұбанов атындағы университетке ауысқым келеді. Грант орны бос болған жағдайда ауысуға мүмкіндік болама? Жəне қай уақытта ауыса аламын?

    • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде ауысу және оқуға қайта қабылдау қысқы (2020 ж. қаңтар айының 5-15 аралығында) каникулда өтеді.
      Егер Сіз жалпы конкурспен түскен болсаңыз онда бізге ауысуға болады.
      Бірақ бірінші академиялық кезең (1 семестр) толықтай жабылған (F-сіз) студенттер ғана ауысуға және оқуға қайта қабылдауға рұқсат етіледі.

  25. Айкөркем Нұрлыбек:

    Саламатсыз ба? Мен біздің университетте магистратурада математика пәнінен мұғалімдік бағытта 2-курс білім алып жатырмын.Сізге қояр сұрағым: магистранттарга жатақхана беріледі ме? Ақтөбе қаласында тұрғылықты жерім жоқ.Өз құжаттарымды тапсырғаныма 1 айдан асты, әлі күтудемін. Нұржан Мақсатбайұлына тікелей барып жолықтым 1-рет. Бірінші студенттер сосын барып болмаса… нақты береміз деп айтылған жоқ. Қашан беріледі екен? №1 жатақханада орын бар екенін білемін. Бірақ біздің құжаттар қараусыз қалуда…Сол сияқты студенттерге де ендігі беріліп болған шығар. Жауапсыз қалдырмайсыз деген үміттемін. Көп рақмет!

    • Студенттер үйінің ережесіне сәйкес бірінші кезекте бакалавриат, бос орын болған жағдайда магистранттарға беріледі. Аталған сұрақ бойынша Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментіне (Бас ғимарат 3 қабат, 8-7132-55-03-08) жолығуыңыз сұралады.

      • Әділет:

        Мен ЖОО аусу туралы сұрайын деп едім.Государственный грантта оқимын маған аусу жайлы ақпарат алу үшін кіммен хабарласуым керек номер бере аласызба рахмет

  26. Дәурен:

    Саламатсызба грантты ауыстыруға болама Шымкент қаласынан Ақтау қаласына және басқа мамандыққа 1курс

    • Сәлеметсіз бе, басқа мамандыққа ауыстыруға болмайды.

      • Әділет:

        Саламатсызба Бауыржан Ердембеков.Менің сізге қояр сұрағым Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агро Техникалық Университетіне грантқа оқуға түсіп едім.Көлік-көлік техникасы және технологиялары мамандығы бойынша.Мен осы универден сіздердің Құдайберген Жұбанов атындағы универге грантты сақтай отырып ауыса аламынба қысқы демалыс кезінде?Сұрағымды қарап жауап бересіздеп ойлаймын Көп көп рахмет!!!

        • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде ауысу және оқуға қайта қабылдау қысқы
          (2020 ж. қаңтар айының 5-15 аралығында) каникулда өтеді.
          Егер Сіз жалпы конкурспен түскен болсаңыз онда бізге ауысуға болады.
          Бірақ бірінші академиялық кезең (1 семестр) толықтай жабылған (F-сіз) студенттер ғана ауысуға және оқуға қайта қабылдауға рұқсат етіледі.

          • Әділет:

            Бауыржан Ердембеков
            Жауабыңызға рахмет.
            Аграрка университетінде 3-семестр 1-ші семестр Қараша айының 15-і бітеді 18-29аралығында сессия каникул 6-шы қаңтарға дейін жалғасады Жұбанов университеті 5-15 қаңтардан бұрын құжат тапсыруыма болады ма.Бізде 6-қаңтар 2-ші семестр басталып кетеді.Зейін қойып тыңдағаныңызға рахмет

  27. Фатима:

    Саламатсызба?! Магистратурада грант болиминде окитындарга мектепте жумыс жасауга болады ма? (Жарты ставкамен, аз сагатпен)

  28. Сәлеметсізбе мен сіздердің университеттеріңізге ауыссам деп едім мен оқитын мамандық сіздерде бар екен әрі мемлекеттік грант иегерімін 3курс отбасылық жағдайыма қарай тез арада ауысу керек болып тұр бірақ сабақтың басталып кеткенін білем сонда да өте шұғыл керек болып тұр

    • Сәлеметсіз бе, университетте ауысу және оқуға қайта қабылдау жазғы (ағымдағы жылдың тамыз айының 10-25 аралығында) және қысқы (ағымдағы жылдың қаңтар айының 5-15 аралығында) каникулда өтеді.

  29. Жайнагұл:

    Сәлеметсіз бе? Б.Ердембеков мырза менің сіңілім Көкшетау қаласында Ш.Уалиханов ат. универдің 3 курс студенті 2019 оқу жылында 3 курс студенттеріне жатақхана берілмей сіңілім далада қаңғып жүр, Деканат студенттердің өтінішін қабылдамай, қуып шығып отыр, сіңілім Орал қалалық Жәңгірхан ат. универге өз факультеті бойынша грантқа ауысқысы келеді, декан студентті ауыспайсын, ауыссан тек оқудан шығарамыз деп отыр қандай шара қолдануға болады? шарасыздықтан жазып отырмын Сіңілім БҚО сырым ауданынан басқа облыстан келетін студенттерге жағдай қарастырылмайды ма?

    • Сәлеметсіз бе! Деканат жатақхана алу жөніндегі арызыңызды қабылдауы тиіс. Егер сіз айтқан жайттар орын алған болса Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментіне (Бас ғимарат 3 қабат., 8-7132-55-03-08) жүгінуіңізге болады. Жатақханаға құжаттар 05.09.2019ж. күнге дейін қабылданады. Жатақханаға әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққандар бірінші кезекте орналастырылады.

      • Ербатыр:

        Сәлеметсіз бе..
        Мен Х. Досмұхаметов атындағы атырау мемлекеттік университетің 1курс студентімінн.. Мамандығым дене шынықтыру пәнің мұғалім және өзі таңдаған спорт түрінен жаттықтырушы..
        Мен әкім грантын игерімін..
        Менің арманым сіздердің университеріңізде оқуу.
        Сұрағым 1курста ауысуға болама сіздердің университетеріңізге..
        Және грантым сақталама????

        • Сәлеметсіз бе, ЖОО ішілік ауысу және оқуды қалпына келтіру 25 тамыз күні аяқталды және әкім гранты сақталмайды.

          • Ербатыр:

            Жазғы немесе қысқы каникулда ауысуға болама??
            Қалай ауысуғаа болады.. Қандай жеңілдіктерр барр???
            Босаған гранттың конкурсына қатысуға болама???
            Грантты қалай сақтауға болады???

          • Болат:

            Жазғы немесе қысқы каникулда ауысуға болама??
            Қалай ауысуғаа болады.. Қандай жеңілдіктерр барр???
            Босаған гранттың конкурсына қатысуға болама???
            Грантты қалай сақтауға болады???

          • Университетте ауысу және оқуға қайта қабылдау жазғы (ағымдағы жылдың тамыз айының 10-25 аралығында) және қысқы (ағымдағы жылдың қаңтар айының 5-15 аралығында) каникулда өтеді.
            Басқа ЖОО-нан ауысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
            1. Оқып жатқан ЖОО-ның басшысының атына жазылған ауысу туралы өтініші /келісім/ (ЖОО-ның басшысының қолы мен герб мөрі басылған);
            2. Транскрипт, оқу ісі жөніндегі проректордың және тіркеу бөлімінің қолдарымен;
            3. ЕНТ сертификатының көшірмесі;
            4. Мемлекеттік білім грантының куәлігінің көшірмесі (егер грант иегері болса);
            5. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ректорының атына жазылған өтініші (деканат анықтаған пән айырмашылықтарының тізімі жазылған);
            6. ЖОО-ның лицензиясының көшірмесі;
            7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
            8. ф-№ 086У үлгідегі медициналық анықтама (Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ емханасы арқылы куәландырылған).
            Ескерту:
            1. Бірінші академиялық кезең (1 семестр) толықтай жабылған (F-сіз) студенттер ғана ауысуға және оқуға қайта қабылдауға рұқсат етіледі.
            2. Егер білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат немесе диплом) шетелдік білім беру ұйымдарынан берілген болса, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында танылу немесе нострификациялау рәсімінен өтілуі керек.
            Қажетті құжаттар «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырылады.
            Мекен-жайы: Ақтөбе, А.Молдагулова данғылы, 34; 1-ші қабат.

            Оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер төмендегі категорияға жататын студенттерге қарастырылған:
            — Жетім балалар, ата –ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
            — Мүгедек балалар, мүмкіндігі шектеулі адамдар;
            — Оқу озаттары, ғылыми жұмыстарда жетістікке жетіп, қоғамдық өмірге белсенді араласатын студенттер;
            — Халықаралық және республикалық олимпиада жүлдегерлері, спорт саласы бойынша чемпиондар, шығармашылық конкурстар жеңімпаздары;
            — Шет елден келген қазақ диаспорасының өкілдері;
            Жеңілдіктер бір оқу жылына беріледі және оны ұзарту мүмкіндігі бар. Жеңілдік берілу шарттарымен толығырақ факультет деканатынан біле аласыз.

  30. Майрагүл:

    Сәламатсыз ба?Бауыржан Ердембеков Қызым А.Ьайтурсынов атындағы Қостанай университетінде 4 курс ақылы білім алады.ұбт-дан балл аз болып грантқа түсе алмады.сабағы өте жақсы оқиды.барлық өткізілетін іс шараларға қатысат,,бірақ әлі күнге дейін грантқа ауыспады.өзім көп балалы анамын.қандай жеңілдіктер қарастыруға болат.

    • Сәлеметсіз бе, ЖОО ішілік ауысу және оқуды қалпына келтіру 25 тамыз күні аяқталды. 4 курста өзге жоғары оқу орнына ауысу оған дейін меңгерген пәндердің айырмашылығы салдарынан қиындайды. Мамандыққа бағытталған пәндердің айырмасы үлкен.

  31. Күнзат:

    саламатсыз ба мен ырғыз ауданын жазып отырмын. Менің апамның дипломының түпнұсқасы жоқ, тек көшірмесі ғана бар, соны қарап көресіз ба маған эл почтаңыз жазып жіберсеңіз мен суретін жіберер едім

  32. Куат:

    Сәлеметсіз бе Бауыржан Ердембеков! Мен биылғы мектеп түлегімін. Мемлекеттік грантты жеңе алмай, осы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ақылы бөліміне оқуға түстім. Мектеп кезінде бірнеше халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жүлдегері атандым. Енді университет оқып жүргенде осы жылы грант немесе жеңілдік алуға қандай мүмкіншіліктер бар?

    • Сәлеметсіз бе, Қ.Жұбанов атындағы білім гранты бірінші курс студенттерінің келесі санаттарына тағайындалады:
      1.Жетім-балалар;
      2.Ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      3. Мүмкіндігі шектеулі балалар;
      4. Спорт түрлері бойынша Әлем, Еуропа және Азия чемпионы атағының иегерлері;
      5. Өнер түрлері бойынша халықаралық шығармашылық байқауларының жеңімпаздары (1- орын).

  33. Саламатсыз ба. Мен сіздерге Педогогика және психолог мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту бөліміне құжат тапсырғанмн. СОЛ бөлім бойынша сұрақтарым бар. Анықтама бөлім нөмерін жазып жбересіз бе

  34. Сəлеметсіз бе серпін бағдарламасы бойынша грант иеленген түлек сол грантын сақтап басқа мемлекеттік ЖОО ауыса алама жəне 1 курс оқып жүріп ауысса курсын сақтап қалама

  35. Сая:

    Сәлеметсізбе ағай ! Сізге қояр сұрағым : Мен ҰБТ ге қатыспадым, мен осы университетте ақылы бөлімде оқи аламынба ?

    • Сәлеметсіз бе!Ақылы бөлімге түсу үшін де ҰБТ тапсыруыңыз керек. Қаңтар, наурыз, маусымдағы ҰБТ-ға қатыспаған болсаңыз, тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуыңыз керек. Құжат қабылдау уақыты 25 шілде-3 тамыз. Толық ақпаратты қабылдау комиссиясының 54-39-74 нөмірінен алуға болады.

  36. Zarina:

    2019жылы проходной балл қанша?

  37. Zarina:

    Саламатсызба! 47 баллмен ақылы бөлімде оқуға түсуге боладыма?

    • Өкінішке орай 47 балмен ақылы бөлімге құжат тапсыра алмайсыз. Сіз қайта ҰБТ тапсыруыңызға болады. Құжат қабылдау уақыты 25 шілде-3 тамыз. Толық ақпаратты 54-39-74 телефонынан алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *